Жаңа оқу жылынан бастап тәрбие жұмысы «Адал азамат» бағдарламасы негізінде жүргізіледі.
Бұл мемлекеттік әрі жеке меншік мектептерге ортақ ереже. Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» идеологиялық қағидасымен үндестірілген. Басты мақсат – еңбекқор, елжанды азаматтар тәрбиелеу. Ал білім беру ұйымдары ұлттық тәрбиелік құндылықтар мен мәдениетті бейнелейтін ортаға айналмақ. Игі іске құқық қорғау, денсаулық сақтау, ішкі саясат саласының құрылымдары тартылады. Ай сайын түрлі танымдық тақырыптар оқытылады. Мысалы, күй мен қоңырау соғу, ұлттық ойындар ойнатылады. Сондай-ақ оқушылардың мектеп қабырғасынан тыс өмірлік тәжірибесін байытуға көңіл бөлінеді.
Тегтер #Адал азамат #мектеп #тәрбие #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz