Елде 3000-нан астам мұғалім онлайн оқыту курстары арқылы біліктілігін арттырады, деп хабарлайды 24kz.
Осылайша, Оқу-ағарту министрлігі педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға арналған кешенді жұмыстарды жалғастыра бермек. Бұл шара «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асып отыр.
Айта кетейік, курсқа бастауыш сыныптан бастап қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән ұстаздары қатысады. Дәрістер «Өрлеу» цифрлық платформасында өтеді. Былтыр ұлттық жоба шеңберінде 35 мектептен 2000-нан астам педагог біліктілігін арттырған.
Тегтер #мұғалімдер #біліктілік #онлайн курстар #Оқу ағарту министрлігі #Келешек мектептері #Жұмысшы мамандықтар жылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz