RU
Толық нұсқаға өту

Семейде «Экология. Радиация. Денсаулық» атты халықаралық конференция өтті

28.08.2025, 19:25 417

Семейде «Экология. Радиация. Денсаулық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды 24kz.

Оған алыс жақын шет елдерден келген 200-ден астам маман қатысты. Конференцияда ғалымдар радиацияның әсерін азайту жолдарын талқылады. Жалпы Абай облысының аумағында 1949-1991 жылдары 500-ге жуық ядролық жарылыс жасалды. Оның зардабын өңір тұрғындары әлі күнге дейін тартып келеді.

Рүстем Қайратұлы, тілші:

- Елімізде жыл сайын 40 мыңға жуық адам онкологиялық ауруға шалдығады. Әсіресе, өкпе, сүт безінің обыры мен колоректальды қатерлі ісігі аурулары көбейген. Дертті емдеуде ядролық медицина әдістері қолданылуда. Осы бағытта тәжірибесімен бөлісу үшін келген шет ел ғалымдары арнайы шеберлік сағаттарын өткізді.

Амитабх Ария , Санджай Ганди университетінің профессоры (Үндістан):

- Мен Семей медицина университетіне төртінші рет келіп отырмын. Біздің ынтымақтастығымыз тұрақты түрде жалғасып келеді. Қазір біз, керісінше, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануымыз қажет. Яғни, ауруларды ерте анықтап, адамдарды емдеуге қолдануымыз керек.

Омори Ясутакa, Хиросаки университетінің профессоры (Жапония):

- Жапония да ауыр қайғылы оқиғаны бастан кешті, зардап шеккендер өте көп болды. Қазір бұл мәселемен көптеген зерттеуші ғалымдар айналысып жатыр.Сондықтан Жапония үкіметі радиация әсерін жою бағытында барынша қолдау көрсетіп келеді.

Жиынға Жапония, Канада, Ресей секілді алыс-жақын шет елдерден 200-ден астам ғалым, дәрігер, зерттеуші қатысты.

Алтай Дюсупов, Семей медицина университетінің ректоры:

- Қазіргі уақытта біз үлкен жобаны атқарып жатырмыз. Ол біздің мемлекеттің тапсырысы бойынша. Енді бұл жобаның мақсаты ол мына адамға радиацияның әсерінің дозасын анықтау.

Жалпы жиын радиацияның табиғатқа және адам денсаулығына әсері, оны азайту жолдары және радиология саласындағы жаңа зерттеулер секілді 7 бағыт бойынша өтті. «Экология. Радиация. Денсаулық» атты ғылыми-практикалық конференция Семейде екі жыл сайын ұйымдастырылады.

Авторлары: Рүстем Қайратұлы, Берік Жобалайұлы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz