RU
Толық нұсқаға өту

Еліміздегі Қытай студенттеріне тіл үйренуге кедергі жоқ

02.09.2025, 15:00 568

Елімізде білім алып жатқан қытай студенттерінің де саны артып келеді, деп хабарлайды 24kz.

Олар ең алдымен бір жыл тілдік курстан өтеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне жылына әртүрлі елден мыңнан аса жас қабылданады. «Олардың шетелдік студенттердің жергілікті салт-дәстүрді, елдің тарихын танып-білуге де құлшынысы зор», - дейді мамандар.

Гүлжан Көленқызы, тілші:

- Ерлі-зайыпты қытайлық Кевин мен Доркастың Қазақстанға келгеніне үш ай болыпты. Келе сала тілдік курсқа жазылып, қазақ тілінен кәсіби маманнан сабақ алуда. Қазақшалары аз уақытта ауызекі сөйлесуге жарап қалыпты. «Тілді үйрену сол елде еркін, қиналмай жүруге мүмкіндік береді», - дейді олар.

Кевин Лам, Қытай азаматы:

- Бізге Алматыда ұнайды. Бізге Көктөбе, Медеу және Шымбұлақ ұнайды. Біз Алматыда қазақша сөйлесеміз. СКЛ: 001605 Маған қазақ тағамдары ұнайды. Шашлық, қой еті өте дәмді. Бауырсақ жақсы көремін.

Қытайлық қонақтардың мақсаты саяхат емес. Негізгі мамандықтары дефектолог болғандықтан жаңа тілді меңгеру арқылы саладағы мамандармен тәжірибе алмасу, білгенімен бөлісу. Тілдік ортаны кеңейту үшін Доркас қазақша би үйрететін курсқа жазылыпты.

Доркас Лам, Қытай азаматы:

- Мен және менің күйеуім Қазақстанға келдік. Маған Қазақстан ұнайды. Өйткені әдемі ағаш таулар, мейірімді адамдар. Сондықтан осы жылы біз келдік. Мен Қазақстанға қазақ тілін үйрену үшін келдім. Қазақ тілінде жаңа сөздер үйрену жаман емес, бірақ грамматика өте қиын.

Қызығушылық болса, тіл заңдылықтарын меңгерген соң оқу жеңілдей түседі. «Біржылдық курстан кейін шетелдік студенттер әжептеуір төселіп кетеді», - дейді Қанат Келдебеков.

Қанат Келдебеков, Әл-Фараби атындағы қазұу оқытушысы:

- Балаларды оқытатын дефектолог мамандар бұл екеуі де. Үш ай деген ол тіл үйренуші адамға өте қысқа уақыт. Тұрмыстық деңгейде қазір біраз нәрсе үйреніп қалды. Мемлекет туралы, отбасы, мамандығы туралы, Қазақстан, Алматы туралы көптеген жылы лебіздер айтып шағын эссе жаза алады. Бұл деген үлкен жетістік.

Қазақ Ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне жыл сайын мыңнан аса тіл үйренуші шетелдіктер қабылданады. «Олардың Қазақстан аумағында түрлі бағытта жұмыс істеп, дамуына тілдік курстың пайдасы орасан», - дейді факультет мамандары.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Радик Жакупов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz