RU
Толық нұсқаға өту

Жетісу облысында сегіз мектеп күрделі жөндеуден өтті

02.09.2025, 20:15 380

Жетісу облысында биыл 8 білім ошағы күрделі жөндеуден өткізілді. 

Соның бірі Ескелді ауданындағы Қарабұлақ орта мектебі. Мамыр айының соңына қарай басталған құрылыс жұмыстары тамызда аяқталып, бүгін салтанатты жағдайда пайдалануға берілді. Ауылдағы 540 бала енді жаңарған ғимаратта білім алатын болады. Оқушылар үшін заманауи құрал-жабдықтар жеткізіліп, қосымша химия және биология зертханалық сыныптары ашылып отыр. Айта кетейік, аталған оқу орыны 1950 жылы салынған. 75 жылдық тарихы бар ғимараттың қабырғаларын сейсмикалық тұрғыда нығайтып, қайта жасауға 842 млн теңге бөлінген. 

Балжан Еспебаева, Қарабұлақ орта мектебінің оқушысы: 

- Мектеп өте үлкен ремонтын өте жақсы жасады. Бізге бәрі ұнады. Осындай жаңа мектепті бітіріп жатқаныма өте қуаныштымын. Биылғы түлектерге жақсы бал жинауға тілектеспін.  

Мадина Кәрібаева, Қарабұлақ орта мектебі директорының орынбасары: 

- Мектепте 72 мұғалім  жұмыс істейді. 15 орыс класы, 17 қазақ класы білім алуда. Жалпы 32 класс комплектісі бар. Қазіргі таңда «Менің отаным Қазақстан» тәрбие сағаты өтілуде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz