Астанада NeuroBox атты жаңа суперкомпьютер таныстырылды.
Бұл әлемдегі алғашқы автономды құрылғы. Оның басты ерекшелігі - интернетке немесе сыртқы серверлерге қосылмай-ақ жұмыс істей алады. Яғни деректер толықтай қорғалады. Жүйенің негізінде MindIA (Майнд И-Эй) платформасы бар. Ол цифрлық агенттер тобын басқара отырып, бір мезетте түрлі тапсырмаларды орындай алады. NeuroBox мемлекеттік органдарға, компанияларға, ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарына арналған. Себебі аталмыш мекемелер үшін кибер қауіпсіздіктің маңызы жоғары дейді, жоба авторлары. Айта кету керек, автономды түрде жұмыс істейтін суперкомпьютерді толығымен отандық мамандар жасап шығарған. Таныстырылым барысында суперкомпьютер бүгін өтетін Қазақстан мен Уэльс арасындағы футбол матчына өз болжамын жасап та көрді. Құрылғының құны шамамен 70 млн теңгеден басталады, дейді жоба авторлары.
Төлеген Омарбеков, компания құрылтайшысы:
- GPT немесе Gemini-мен жұмыс істесек, салған информациямыздың барлығы шетелге кетеді. Сол біздің ақпараттық қауіпсіздігімізді шешпейді. ИИН, ДСП документтер бәрі сонда кетеді. Бүкіл мамандардың жұмысын жеңілдете алады. Ешқандай шектеу жоқ. Бір маман бір сұрақты бір ай шешсе, компьютер бірнеше секундтың ішінде шеше алады.
Тегтер #отандық #суперкомпьютер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz