RU
Толық нұсқаға өту

Университеттерде ЖИ курстары міндетті пәнге айналды

05.09.2025, 14:18 584

Елдегі жоғары оқу орындарына «AI-Sana» бағдарламасы енгізілді, деп хабарлайды 24kz.

Ол арқылы студенттер жасанды интеллект технологияларын үйренеді. Жасанды интеллект курстары барлық жоғары оқу орындарында міндетті пәнге айналды. Бұл өз кезегінде мықты IT мамандар даярлауға негіз болмақ. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Екі жыл бұрын біз Coursera корпорациясымен арнайы келісімге қол қойдық, соның арқасында біздің 95 университет осы платформадағы курстарға тегін қол жеткізді. Осы уақыт ішінде студенттер 350 мыңнан астам сертификат алып, 2,5 млн сағатқа жуық онлайн-курстардан өтті. Осы жүйелі жұмыстың арқасында Қазақстан биыл өте беделді болып саналатын Coursera халықаралық сыйлығының лауреаты атанды.

 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz