RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде Оңтүстік Кореяның бес университетінің филиалы ашылады

11.09.2025, 23:34 576

Келісімге еліміздің Ғылым және жоғары білім министрінің Сеулге сапары барысында қол жеткізілді, деп хабарлайды 24kz.

Саясат Нұрбек Оңтүстік Корея үкіметінің өкілдерімен кездесіп, жергілікті жоғары оқу орындары мен венчурлық компанияларда болды.

Владислав Цой, тілші:

- Саясат Нұрбектің Оңтүстік Кореяға сапарының мақсаты – жаңадан тағайындалған білім, ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрлерімен кездесу. Бұл басшылармен елімізге жаңа технологияларды тарту бағытындағы жұмыс жалғасатын болады.

Екі елдің оқу орындары қазірдің өзінде белсенді әріптестік орнатуда. Осы айда Түркістанда «Вусон» университетінің үлкен кампусы ашылады. Тағы бір оқу орны – «Донг-ый» университеті Миннесота университетімен бірге Қостанайдағы KIA зауыты үшін кадрлар даярлап жатыр. Кездесулер барысында Саясат Нұрбек Қазақстанды ең алдымен жасанды интеллект технологиялары қызықтыратынын атап өтті.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Бес ашылып жатқан филиалдардың төртеуі толыққанды жасанды интеллект, компьютерлік инженерияға бағытталған. «Вусоң» университеті, «СеулТек», «КАИСТ», басқа да ашылып жатқан университеттер, олар міндетті түрде осы жасанды интеллект саласындағы курстар. Кореяның потенциалы, деңгейі өте жоғары. Сондықтан тікелей сол бағдарламалар Қазақстанға енгізілетін болады.

Дәл Оңтүстік Корея үкіметінің қолдауымен Қызылордадағы Қорқыт ата университетінде Қазақстандағы алғашқы жасанды интеллект институты ашылды. Қазір Қызылорданың 6 студенті СеулТек университетінде білім алуда.

Бейбіткүл Каримова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры:

- Арнайы осы бізге «СеулТех»-тан компьютерлер, серверлер тегін жеткізілді. Соның арқасында қазір біздің студенттеріміз кеңінен осындай жаңа технологияларды меңгеруге, жасанды интеллект бағытын кеңінен зерттеп, біліп, үйреніп, оны Қазақстанда енгізуге мүмкіндік алады деп есептейміз.

Қазақстанмен Оңтүстік Кореяның XIV ғасырда құрылған ең көне жоғарғы оқы орны – Сонгюнгван университеті де әріптестік орнатқан.

Самғат Ермекбаев, Satbayev University бірінші проректоры:

- Магистратура бағытында 3 мамандық бойынша Civil Engineering, Graphic Design и Cyber Security. Осы 3 мамандық бойынша балаларымыз осында оқуын жалғастырып оқуларын бітіру кезеңде 2 дипломын алып шығады. Біреуі Сатпаев университетінің дипломы екіншісі Сонгюнгван университетінің дипломы.

Саясат Нұрбек сондай-ақ Абай Құнанбаевтың ескерткіші қойылған Сеул кибер университетіне де барды. Бұл жоғары оқу орынының басшысы Қайнар университетімен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.

Айсұлу Сабырханқызы, Q University ректоры:

- Ең алдымен бұл меморандум қос диплом бағдарламасын іске қосудды және оқушылар алмасуды бастайды. Бұл студенттерге ыңғайлы онлайн форматта оқып халықаралық деңгейде білім алуға жол ашады.

Министр сондай-ақ Оңтүстік Кореяның жетекші ғылыми-зерттеу институты KAIST-тің басшылығымен кездесті. Бұл жоғары оқу орын әлемдік ғылыми-зерттеу институттарының рейтингінде 52-орында тұр.

Владислав Цой, тілші:

- Келесі жылы Алматы маңындағы Қаскелеңде осы университеттің үлкен кампусын ашу жөнінде келісімге қол жеткізілді. Ол жерде электроника, жасанды интеллект, компьютерлік инженерия және нанотехнологиялар оқытылатын болады.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz