RU
Толық нұсқаға өту

«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы»: 428 маман оқуды аяқтады

16.09.2025, 09:30 519

Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы жобасы аясында 428 маман оқуды сәтті аяқтады. Президенттік жастар кадрлық резерві тәжірибесіне негізделген бұл жоба 2023 жылдан бастап Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен қолға алынды.

Қатысушыларды іріктеу бес кезеңнен тұрады. Тестілеу, оқыту, тағылымдама, қорытынды бағалау және сұхбаттан іркіліссіз өткен білікті мамандар ғана кадрлық резервке алынады. Жоба басталғалы елде 583 педагог кадрлық резервке еніп, 400-ден астамы конкурстан тыс басшылық қызметке бекітілді. Нәтижесінде, мектеп директорларының тапшылығы үш есе қысқарды. 40 маман жаңа үлгідегі «Келешек мектептері» жобасы шеңберінде салынған білім ошақтарына директор болып тағайындалды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz