RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте «Нағыз маман – кәсіп иесі» облыстық семинары өтті

25.09.2025, 18:33 515

Түркістан облысында дуалды оқыту жүйесі арқылы кәсіби кадр даярлауға басымдық берілді.

Осы мақсатта жоғары көпсалалы, аграрлық колледж студенттері теориялық білімін кәсіпорындарда тәжірибемен ұштастырып отыр. Осындай келісімдер нәтижесінде өңірде білім, ғылым, өндіріс дамып келеді. Бұл туралы «Нағыз маман – кәсіп иесі» атты облыстық семинарда айтылды.

Семинар қатысушыларына оқу базасының тәжірибелік алаңы таныстырылды. 5,5 гектар аумақта автоматтандырылған жылыжай, бау-бақша және балық шаруашылығы жақсы дамыған. Білім алушылар бекіре, жайын, сазан өсіріп, аграрлық саланың қыр-сырын меңгеріп келеді. Сала мамандарының айтуынша, теория мен тәжірибені ұштастыру арқылы еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауға мүмкіндік туған.

Құрбанәлі Камал, Түркістан жоғары көп салалы, аграрлық колледжі директорының орынбасары:

- Дуалды оқыту бойынша, қазіргі таңда бізде 30 серіктесіміз бар. Облыста немесе Шымкент қаласында орналасқан орта және ірі кәсіпорындармен дуалды оқыту бойынша үшжақты келісім шарт жасағанбыз. Сол бойынша балалар өндірісте жұмыс істейді. Ал қалған 1,5 мыңға жуық студентіміз теориялық оқыту кезінде колледж ғимаратында оқып, қалған уақытта осы оқу өндірістік базада практикалық түрде өз білімін ұштастырады.

Заманауи технологиялар мен ғылыми-зерттеулер тақырыбы да кеңінен талқыланды. «Органикалық егіншілік» бағдарламасының маңыздылығы айтылып, салаға серпін беретін жаңа жобалар таныстырылды. Сонымен бірге мақта және бақша шаруашылығының ғалымдары тәжірибесін бөлісті. 

Асанбай Тағаев, қазақ мақта шаруашылығы ҒЗИ бөлім басшысы:

- Органикалық егіншіліктің бағыты топырақтың құнарын көтеруге, өнім мен экологияға, органикалық таза өнім алуға және ұлт денсаулығын арттыратын үлкен жүйе. Жалпы жас мамандарды үйретуге, жас мамандарды өндіріске тартуға осы жүйе бойынша жүргізіліп жатыр. Бірінші білім, одан кейін ғылым, өндіріс. 

Сала мамандары жылыжайда қызанақ өсірудің жаңа технологиясымен танысты. Инновациялық жобаларды жүзеге асыру, ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізуі тақырыптарында баяндамалар оқылды. 

Нұрсұлтан Мұхамеджан, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz