RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да жасанды интеллект мектебі ашылады

25.09.2025, 19:00 455

Жыл соңына дейін елде тағы бір халықаралық жасанды интеллект мектебі ашылады.

Ол Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті базасында жұмыс істейді. Ілкімді жобаны іске асыруға Малайзияның Пендидикан Сұлтан Идрис Университеті қолғабыс етпек. Бүгін екі жоғары оқу орны арасында өзара түсіністік жөніндегі меморандум бекітілді. Ынтымақтастық бірнеше бағытты қамтиды. Атап айтқанда студенттер мен оқытушылардың  академиялық ұтқырлығы, бірлескен ғылыми жобалар және қос диплом бағдарламасы жүзеге асырылады. Студенттер ақылды жасанды интеллекттің заманауи технологияларын меңгереді. Жағымды жаңалық мұнымен бітпейді. Сұлтан Идрис университетінің базасында Абайдың ғылыми-білім беру мәдени орталығы ашылмақ.

Мұхтар Төлеген, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің басқарма төрағасы - ректоры:

- Бізде ең басты мақсат әлемдік рейтингтерде жоғарылау. Яғни біз осы ынтымақтастық арқылы QS көрсеткіштер бойынша бірлесе отырып, әлемдік дәрежеде рейтингті жоғарылатамыз. Өйткені екі арадағы байланыс, академиялық ұтқырлық, студенттер мен ғалымдармен алмасқанымыз үлкен мүмкіндік береді. Математикалық модельдеу кафедрасымен, информатика, цифрландыру, жасанды интеллект бойынша бағыттарды күшейтетін боламыз.

Мохаммад Амин Мохаммад Тафф, Малайзиядағы Пендидикан Сұлтан Идрис университетінің ректоры:

- Бүгінде Қазақстан экономика, жаңғырту және инфрақұрылым салаларында белсенді дамып келеді. Осы тұрғыда UPSI қазақстандық әріптестерден үйреніп қана қоймай, өз тәжірибесімен бөлісіп, жоғары білім беру жүйесін нығайтуды көздейді. Біздің ынтымақтастығымыз университеттер деңгейінде де, мемлекеттік деңгейде де үздік тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz