RU
Толық нұсқаға өту

Түркістанда ІТ мамандарды даярлайтын шетелдік ЖОО-ның филиалы ашылды

25.09.2025, 21:12 490

Түркістанда ІТ мамандарын даярлайтын «Woosong University Kazakhstan» университетінің филиалы ашылды.

Халықаралық оқу ордасы жасанды интеллект технологияларының қыр-сырын үйретеді. Мамандар жаңа білім ошағы цифрлық дәуірде жастарға әлемдік деңгейде білім алуға, бәсекеге қабілетті жаңа буын мамандарын даярлауға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретінін айтады.

Алғаш сөз алған вице-премьер Ермек Көшербаев Мемлекет басшысы елде әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының филиалын ашу жөнінде нақты тапсырма бергенін атап өтті. Қазақстан толыққанды цифрлық мемлекетке айналуды көздейді. Шетелдік оқу орнының Түркістанда ашылуы Президент белгілеген стратегиялық бағыттың нақты іске асуының айқын дәлелі. Бұл бастама жастардың сапалы халықаралық білім алуына тамаша мүмкіндік екенін жеткізді.

Ермек Көшербаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығына, білікті мамандарды даярлауға кең мүмкіндіктерді ашады. Шетелдік университет филиалының қазақстанда ашылуы жастарға әлемдік деңгейде білім алуға жол ашып қана қоймай, еліміздің интеллектуралдық капиталының қалыптасуына зор үлес қосады. 

17 қабатты оқу орнының жалпы аумағы 15 мың шаршы метр. Мәртебелі меймандар универсиетті аралап, оқу бөлмелерімен танысты. Мұнда «Жасанды интеллект», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «IT», «Мультимедиа және Web дизайн» мамандықтары бойынша 400 студент білім алуда.

Мақсат Ұлықпанов, студент:

- Маған осы «Woosong University Kazakhstan-ға» түсу өзіме мақсат болып келді. Жасанды интелект мамандығында оқимын. Бұл университетті таңдаған себебім бізде 2+2 деген бағдарламамен біз Кореяға барсақ болады. Қазіргі уақытта осы жерде оқып жатқаныма қуаныштымын және барлығы ұнайды. 

Түркістан облысы әкімдігі әрдайым жастарды қолдап келеді. Биыл оқу орнына 100 грант бөлді. Білім ордасының 2000 студентке дейін қабылдауға мүмкіндігі бар.

Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz