Елде нақты машиналар мен дрондарды интернет арқылы қашықтан басқаруға арналған платформа құрылды.
Бұл мыңдаған шақырым қашықтағы операторға техниканы басқаруға мүмкіндік береді. "ИННОПРОМ. Беларусь" халықаралық көрмесінде ұсынылған инновациялық жоба отандық технологияны азаматтық салада да, қауіпсіздік саласында да қолдануға кең мүмкіндіктер ашады. Оны комбайндар мен шахта техникасын қашықтан басқару үшін пайдалануға болады. Одан бөлек дрон операторларын жаппай дайындау үшін тиімді әрі үнемді платформа ретінде қызмет етеді.
Абылайхан Жақанов, "Game of Drones" компаниясының негізін қалаушы:
- Бұл әлемде теңдесі жоқ бірегей өнім. Ол бейне кескіндерді және басқаруды дәлдікпен әрі жоғары жылдамдықпен жібере алады. Бұл технологияны ауыл шаруашылығы саласында, геймингте, әскери қызметшілерді дрондарды басқаруға үйретуде қолдануға болады.
Тегтер #Қазақстан #Беларусь #иннопром #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz