RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан Беларусьтегі көрмеде стартап ұсынды

30.09.2025, 11:40 332

Минскідегі "ИННОПРОМ.Беларусь" халықаралық көрмесінде қазақстандық әзірлеушілер жарақаттың алдын алуға арналған жасанды интеллект негізіндегі инновациялық жүйені таныстырды.

Жаңа технология кешенді биомеханикалық талдауға негізделген. Спорттық жабдыққа біріктірілген арнайы сенсорлар көмегімен жүйе 20 мыңнан астам бірегей қозғалыс параметрлерін жинайды. Әрі қарай машиналық оқыту алгоритмдері көзбен көру арқылы байқалмайтын ең кішкентай асимметрияларды анықтай отырып, алынған деректерді талдайды. Терең талдау жарақат алу қаупін жоғары дәлдікпен болжауға және спортшы мен жаттықтырушыға жеке ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

Азамат Ержанов, "Mirai Tech" ЖШС операциялық директоры:

- Біздің жүйе екі минут жасырын қауіп-қатерді анықтау үшін жасанды интеллект арқылы өңделетін үлкен көлемдегі деректерді екі минут ішінде жинауға мүмкіндік береді. Біз Astana жастар футбол командасымен табысты пилоттық жоба өткіздік. Біздің өнімнің құндылығы мен нәтижесін көрсетті. Жаттықтырушылар риза болды. Енді біз келесі жылға футбол клубымен бір жылдық келісім-шартты іске қосамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz