RU
Толық нұсқаға өту

Астанадағы №84 мектептің оқу бағдарламасына ЖИ енгізілді

01.10.2025, 13:13 457

Жасанды интеллект елордалық мектептің де оқу бағдарламасына енгізілді, деп хабарлайды 24kz.

№84 мектеп-лицейінде 2023 жылдан бастап осы бағытта жұмыс жүргізіліп келді. Мектеп инновацияны енгізуде Google Workspace for Education платформасын таңдады. Бұл мұғалімдер мен оқушыларға бірлескен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашады. Мектеп басшылығының сөзінше, жаңа құралдар сабақ жоспарын әзірлеуді жеңілдетіп, тапсырмаларды орындауды және жедел кері байланыс орнатуға жол ашады. Сонымен қатар оқу процесіне Gemini AI платформасы енгізілді. Жасанды интеллект мұғалімдер үшін тиімді. Ол оқу материалдары. әр оқушының жеке қажеттілігіне бейімдейді. Әрі автоматты түрде сұрақтар мен тест тапсырмаларын құрастырады. Сондай-ақ оқушылардың сабаққа дайындық уақытын қысқартып, тиімділікті арттырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz