Болашақ ұстаздар цифрлық технологияларды меңгереді. Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде үш бірдей инновациялық зертхана ашылды, деп хабарлайды 24kz.
Олар «Apple class», «3D Lab» және «Атомдық және ядролық физика» деп аталады. Бұл жоба білім беру саласына цифрлық технологияларды енгізуді, жасанды интеллектіні дамытуды және білікті кадрлар даярлауды көздейді. Оған қоса, ғылыми-зерттеу қызметін, инженерлік жобаларды және кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға арналған. Зертханалар қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге, инновациялық білім беру технологияларын енгізуге, сондай-ақ пәнаралық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.
Айгүл Маханова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы:
- Студенттеріміз техникалық дағылармен қатар өздерінің шығармашылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік алып отыр. Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында жаппай цифрлық технологияландыруға көшуге басты назар аударылып отыр және бүгінгі ашылып жатқан зертханалар соған бірден бір нақты қадам деп айтуға болады.
Тегтер #Алматы #цифрлық технологиялар #инновация #зертхана #университет
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz