Елде TALIS-2024 халықаралық зерттеуі өтті, деп хабарлайды 24kz.
Оған 7 мыңнан астам педагог пен 369 мектеп директоры қатысты. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қорытындысына сәйкес елдегі мұғалімдердің еңбек жағдайы айтарлықтай артқан. Мәселен былтырғы оқу жылында педагогтердің орташа апталық жүктемесі 36 сағат болған. Ал жеті жыл бұрын бұл көрсеткіш 50 сағат еді. Оған қоса, елдегі педагогтердің орташа жасы 41 жасқа дейін төмендеді. Сауалнама деректері бойынша, ұстаздардың 95%-і өз жұмысына көңілі толатынын жеткізді. Ең бастысы, 2018 жылмен салыстырғанда мұғалімдерді әкімшілік жұмыстарға тарту азайып, олар сабақ беруге және ата-аналармен байланысқа көбірек уақыт бөле бастаған.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Педагог мамандығына магистр дәрежесі бар мамандар 3,5%-тен 11%-ке дейін артқандығы үлкен жақсы көрсеткіш. Доктор phd дәрежесі барлар 0,1%-тен, 0,6%-ке дейін көрсетіп отыр. Бұдан бөлек, жалпы еңбек жағдайына қанағаттанатын педагогтардың үлесі 51%-тен 71%-ке дейін артқандығын нақты дәлелдейді. Педагогтердің арасында өз жалақысына көңілі толатындардың пайызы 39%-тен 71%-ке дейін өскендігін көрсетеді.
Тегтер #мұғалімдер #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz