RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбелік ғалымдар өңірдегі өнеркәсіптің дамуына үлес қосуға дайын

09.10.2025, 12:05 404

Өндірісті жаңашыл тетіктермен түрлендіру мақсатында бірнеше жоба әзірленді. Жоғары оқу орындары жанынан ғылыми-тәжірибелік зертханалар да жабдықталды. Президент Жолдауында айтылған ғылым мен бизнестің үндестігі, өндіріске цифрлық технологиялар мен жасанды интелектіні енгізу туралы облыс басшысы Асхат Шахаров пен жас ғалымдардың кездесуінде талқыланды. 

Өндірісті аймақтағы кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттырумен қатар жас ғалымдарды экология мәселесі толғандырады. Құдайберген Жұбанов университетінің ұжымы ауаға тарайтын зиянды газды сүзгілеп, қауіпсіз ететін құрылғы әзірлеген. Сонымен қатар ферроникель өндірісін оңтайландыруды да ұсынады. Ауыл шаруашылығы саласында да зерттеу жұмыстарын қолға алған. 

Нұрбек Дүймұқанов, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің департамент директоры:

- Бізде мал шаруашылығы бойынша өте білікті маман бар. Өзі Австралия, Канада, Америкада оқып келген. Жұбанов университетінің ішінде лаборатория ашылды. Ірі-қара малдарынң қанының мониторингін жасайды. Қандай аурулар бар екенін тексереді және олардың алдын алу жолдары мәселесі бойынша нақты, тұшымды зерттеулер бар.

Өңірдің ғылыми қоғамдастығының айтары бар. Жоғары оқу орындары жанынан биохимиялық және молекулалық лаборатория ашылғалы ғалымдардың мүмкіндігі де артқан. 

Асхат Шахаров, облыс әкімі:

- Президент барлық облыстарда ғылыми кеңес құру тапсырмасын берген болатын. Жалпы айтқанда ол кеңестің маңызы өте зор. Себебі біраз талқылау болады және әлеуетімізді пайдалана отырып, өңірлік, жаңа зерттеулер арқылы мына өндірісті жаңа деңгейге шығару – үлкен нәтиже болады.

Облыс орталығындағы жоғары оқу орындарында шоғырланған ғалымдарды қолдауға жергілікті кәсіпорындарда да мүдделі. Биыл олар екі бірдей заманауи лабораторияны жабдықтауға қаржы бөлген. Алдағы уақытта тағы үшеуін ашу жоспары бар.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Болатбек Молдағалиев, Айбек Даутов, Ақтөбе

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz