Қазақстанда жаңа білім беру нысандары ашылды.
Олар «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынды. Жаңа мектептер Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында пайдалануға берілді, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі. Білім ошақтарында оқушылардың жайлы білім алуына барлық жағдай жасалған: заманауи үлгідегі кабинеттер, STEM-зертханалар, шеберханалар, демалыс және коворкинг аймақтары, акт және спорт залдары, асхана бар. Биылғы оқу жылында ел бойынша барлығы 232 мектеп салу жоспарланып отыр.
Тегтер #Келешек мектептері #24KZ #STEMPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz