RU
Толық нұсқаға өту

Ақтауда кәсіптік білім беретін педагогтер өзара тәжірибе алмасты

30.10.2025, 21:36 412

Ақтау қаласында кәсіптік білім беретін педагогтер өзара тәжірибе алмасты. 

«Педагогикалық тәжірибе жинаудың негізгі құралы портфолио» атты шара  Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде өтті. Оқытушылар жиыны жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды. Аталған оқу орнында 1300 студент 26 мамандық бойынша білім алады. Студенттерге 87 оқытушы дәріс береді. Дәнекерлеуші, металл жонушы, көлік жөндеуші сияқты сұрынсқа ие кәсіптерге баулиды.  Біліктілігін  дәлелдеу үшін аттестацияға дайындалып жатқан оқытушыларға «үздік педагог» мәртебесі бар 4 маман портфолио жасақтаудық қыр-сырын үйретті.

Сая Мұғауова, колледж директорының орынбасары:

- Іс-шараның мақсаты озық тәжірибелі педагогтардың әріптестік байланыстарын, кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңейту, педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру.  Аттестацияға дайындық деңгейін көтеру, педагогтарымыздың портфолио жинақтаудағы әдістемелік көмек көрсету.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz