Қостанай қаласында тұмаудың өршуіне байланысты барлық мектеп онлайн оқуға көшті.
Сондай-ақ Қарабалық, Алтынсарин, Қамысты, Қостанай аудандарындағы 10 білім нысаны толық қашықтан оқытып жатыр. Апта соңына дейін эпидахуал тұрақтанбаса, балаларға мектепке келуге шектеу қою жалғасады. Өңірде соңғы аптада барлығы 10 мыңнан аса вирустық инфекция дерегі тіркелген. Көрсеткіш шамамен екі есеге өсіп отыр. Сырқаттанушылардың 60 пайыздан астамы 14 жасқа дейінгі балалар.
Анна Лазарева, облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы:
- Қостанайда барлық мектептер 28 қараша жұмаға дейін қашықтан оқу жүйесіне көшірілді. Оның әрі қарай ұзартылуы немесе балалардың мектепке оралуы сол күнгі жағдайға байланысты болмақ. Онлайн оқуда жекелеген сыныптар қалдырылуы мүмкін. Ал аудандарда мектеп әкімшілігі өздері шешеді.
Тегтер #Қостанай #тұмау #онлайн оқу #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz