Өскемендегі университеттердің бірінде “SMART Driving Technology” (СМАРТ ДРАЙВИНГ ТЕХНОЛОДЖИ) инжиниринг орталығы ашылды.
Қазақстан және Қытай арасындағы технологиялық ынтымақтастық негізінде құрылған ерекше мекеме болашақтың инженерін даярлайды. Атап айтқанда, электромобиль, автопилотты көлік пен гибридті транспорт сынды интеллектулады әрі автономды техника саласын меңгереді. Халықаралық орталықпен қатар «Машина құрастырудағы SMART-технологиялар және жасанды интеллект» деген мамандық ашылды
Мұрат Мұздыбаев, университет профессоры:
- Жасанды интеллект жөніндегі технологиялар жақсы негіздеме беріп тұрады. Өйткені бұрынғы кезінде IT технология ол бөлек сала болып тұратын, механика көлік саласы олар да бөлек боп тұратын.Ал егер заманауи көліктерге қарайтын болсақ, электромобиль және гибрид автомобильдерге, олар осы екі технологияға да негізделіп тұр.
Гүлзат Көбенова, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:
- Кадр даярлау үшін заманауи инфрақұрылымның алатын орыны айрықша. Бір жағынан бұл жерде тек біздің жастар ғана емес, өзге елден кеп оқып жатқандар да бар әрі сондай шетелдік студенттер саны жыл сайын артып келеді.
Тегтер #Өскемен #инженер #Жұмысшы мамандықтар жылы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz