Елде ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін 10 мыңнан астам арнайы педагог бар. Алайда мұндай бүлдіршіндердің саны жыл сайын артып жатқанын ескерсек, салада маман тапшылығы байқалады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, республика бойынша үш мыңнан астам арнайы педагог жетіспейді. Оның бір мыңы олигофренопедагог, сурдопедагог және тифлопедагог маманына тиесілі. Ал екі мыңы дәл осы логопед мамандарына қатысты тапышылық.
Жұлдыз Мұқашева, ҚР Оқу-ағарту министрлігі департаменті Арнайы білім беру басқармасының бас сарапшысы:
- Барлық баланың білім алуына тең мүмкіндік жасау мақсатында білім беру ұйымдарында арнайы жағдайлар жасалып жатыр. Атап айтсақ, мектептердің 91%-інде, балабақшалардың 74%-інде, колледждердің 86%-інде арнайы жағдайлар жасалып отыр. Енді арнайы жағдайлар деп кедергісіз орта құру және арнайы мамандармен қамтамасыз ету қарастырылған. Сондай-ақ, айта кету керек, мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеттерінің саны жыл сайын артып келеді. Қазірде оның саны мыңнан асты. Биылдың өзінде елде 81 кабинет ашылған болатын. Сондай-ақ білім беру саласында басты міндеттердің бірі – мүмкіндігі шектеулі балаларды дер кезінде арнайы қолдаумен қамту.
Тегтер #арнайы педагог #сурдопедагог #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz