RU
Толық нұсқаға өту

Инклюзивті білім беру саласындағы үздік мамандар марапатталды

17.12.2025, 18:32 265

Елордада «Қазіргі заманның үздік мұғалімі» республикалық байқауының марапаттау рәсімі өтті. Шара инклюзивті білім беру саласында еңбек етіп жүрген мұғалімдерді қолдауға бағытталған. 

Байқау барысында олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи әдістемелерді таныстырды. Білім додасында 12 мұғалім үздік деп танылып, жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталды. Жиында, сондай-ақ цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы жаңашыл жобалар ұсынылды. Айта кетейік, байқау Clover Foundation қоғамдық қорының бастамасымен ұйымдастырылды.

Марал Қыраубаева, «Clover Foundation» қоғамдық қорының құрылтайшысы:

- Бұл байқау инклюзивті білім беру саласында жұмыс істейтін мұғалімдерге арналған. Бірінші бізде Астана қаласында болып жатыр. Одан кейін Ақмола облысында, кейін Жамбыл, Түркістан, Абай және Қызылорда облыстарында өтті. Бізде ақшалай қорымыз бар. Керекті курстарын оқып алады. Бізбен жұмыс істейтін болса, біз оларға жолдарын көрсетеміз. 

Ермек Әлімжанов, Астана IT университетінің үздіксіз білім беру сандық институтының директоры:

- Мысалы, сізде бір тапсырма бар. Оны инклюзивті студенттерге бейімдеу керек. Мысалы ЧатGPT, Gemini деген модельдерді пайдаланып, дисклексиясы бар студенттерге, оқушыларға текст оқығанда қиын. сол технология текстті белгілеп, оқу керек болса, аудио мәтіндерді текстке айналдырып береді. Жақсы технологиялар бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz