RU
Толық нұсқаға өту

340 мың ұстаз жасанды интеллектіні меңгерді

26.12.2025, 18:48 255

Еліміздің 340 мыңға жуық педагогі жасанды интеллект мүмкіндіктерін кәсіби деңгейде қолдануды үйренді. Бұл туралы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Айдана Шилибекова айтты.

ЮНЕСКО-мен бірлесіп әзірленген бұл білім беру бағдарламасы халықаралық озық тәжірибе мен қазақстандық мектептердің сұранысын ұштастырған.  Курс аясында мұғалімдер заманауи технологияларды этикалық тұрғыда пайдалануды және оқу процесін автоматтандыруды меңгерді. Енді ұстаздар қауымы сабақ жоспарын құру, тест тапсырмаларын әзірлеу мен көрнекі иллюстрациялар дайындауға кететін уақытты едәуір қысқарта алады. Айта кетейік, жоба әлі де жалғасуда. Біліктілікті арттырғысы келетін кез келген маман арнайы платформаға тіркеліп, курстан тегін өте алады.

Айдана Шилибекова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы:

- Юнесконың моделіне сәйкес үш деңгейлі оқытуды қамтиды. Біріншіден, іске қосқан курс ол бастапқы деңгейлі. Яғни бұл жерде ең бастысы ЖИ ұғымы, ерекшеліктері, әлсіз тұстары, тәуекелдері бар екенін қолдану барысында пронтинженейринг дағдысы. Сонымен қатар этика мәселесі де көтерілген. 2-3 деңгейде яғни кеңірек талқыланады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz