RU
Толық нұсқаға өту

«Педагог мәртебесі туралы» Заң жетілдіріледі

03.01.2026, 15:21 353

Елімізде «Педагог мәртебесі туралы» Заңға өзгерістер енгізілуде. Бұл  педагогтерді артық қағазбастылықтан қорғауға, педагог құқығын қорғауды күшейтуге, сондай-ақ мектептен тыс уақытта балаларға қатысты жазатайым оқиғалар үшін ата-аналардың жауапкершілігін нақтылауға, бағытталған.

Бұл жайында Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова айтты. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында білім беру жүйесінде ауқымды шаралар жүзеге асырылады. 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасы бекітіледі. Құжат балалардың құқығын қорғау, әлеуметтік қолдау секілді шараларды қамтиды. Елде мамандандырылған білім беру ұйымдарын жаңарту жалғасады. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін білім беру саласындағы ынталандыру тетіктері жетілдіріледі. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz