RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан облысында «Келешек мектебі» ашылды

06.01.2026, 07:55 248

Түркістан облысында осымен 28-ші «Келешек мектебі» ашылды. Заманауи білім ұясы Шаян ауылында бой көтерді. Нысанның құрылысына үш жарым миллиард теңге бөлінген. 

Жаңа нысанның ашылуына Шаян ауылының тұрғындары жиналды. Әсіресе балалардың қуанышында шек жоқ. Көптен күткен арман орындалды. Оқушылар заманауи мектептің парталарына үшінші тоқсаннан бастап отырады. 

Нұрболат Амангелді, оқушы:

- Бұрындары ауылымызда қаладағыдай жақсы жағдай жасалмаған еді. Ал енді қазір барлық жағдай жасалып отыр. Оқуға да, дамуға да жақсы. Енді біз ауылда отырып-ақ сапалы білім ала аламыз. 

Екі қабатты білім ұясы 300 оқушыға арналған. Ғимарат екі спорт және 150 орындық концерт залымен жабдықталған. Одан бөлек, кітапхана, топтық сабақтарға арналған кабинеттер, асхана, мультимедиалық саныптармен қамтылған. Мұнда білім сапасы мен педагогтердың біліктілігіне қойылатын талап та күшті. 

Әйгерім Есалы, бастауыш сынып мұғалімі:

- Мұнда балалар тек білім алып қоймай шығармашылықпен айналысады. Цифрлық сауаттылықтарын арттырып, тұлғалық дамуға бағытталған. Сапалы адам капиталын қалып тастырып, ұстаздар мен шәкірттерді жаңа белеске жетелейді деген зор сенімдеміз. 

Бағдат Қалаубай, Бәйдібек ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Халқымыз үлкен қуанышқа кенеліп отыр. Осы жаңа мектепте оқитын оқушыларымыз білікті, білімді, еліміздің абыройлы азаматы болып қалыптасуына ұстаздар, ата-аналар, ардагерлер уәде етеді деп сіздерді сендіргім келеді. 

Түркістан облысында 23 мың оқушыға арналған 29 «Келешек мектебі» салынады. Жақын арада Жетісай ауданында 1500 орынға арналған білім ұясы есігін ашады.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz