RU
Толық нұсқаға өту

XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды

10.01.2026, 19:50 317

Алматыда 22-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды. Оқушылар арасындағы білім сайысы математика, физика және информатика пәні бойынша өтеді. 

Оған Әзірбайжан, Болгария, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, Тәжікстан, Түркия және Үндістан сынды 16 елден 622 оқушы қатысады. Олимпиаданың ашылу салтанаты Алматы театрында өтті. Білімділер бәйгесі бес күнге созылады. Тапсырмалар мамандандырылған сыныптың бағдарламасына сәйкес жасалған. Оқушылардың білімін халықаралық деңгейдегі қазылар алқасы бағалайды. Жүзден жүйрік шыққан оқушылар арнайы диплом және медальмен марапатталады. 

Гаждембек Тұрсынов, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры:

- Қазақстанның әрбір өңірінен өзінің командалары бар жинақталған. Ол балалар да шетелдің балаларымен бәсекеге түсетін болады. Олимпиада екі турдан тұрады. Ол жерде практикалық тур және теориялық тур бар. Сонымен қатар осы олимпиаданың барысында шетелдің қонақтарына еліміздің Алматының көрікті жерлері, сонымен қатар тимбилдингтер де ұйымдастырылатын болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz