RU
Толық нұсқаға өту

Арал ауданы Жалаңаш ауылында жаңа мектеп ашылды

13.01.2026, 10:01 272

Арал ауданының Жалаңаш ауылында 150 орындық мектеп ашылды.

Білім ошағы «Келешек мектептері» жобасының стандартына сай жабдықталды. Аудан орталығынан 64 шақырым жердегі елді мекенде 700-ге жуық тұрғын бар. Жиырма жыл бұрын ауылдықтар асарлатып салған мектеп ғимараты заман талабына сай болмады. Оқу кабинеттері, спорт залы мен асханасы тар. Ал жаңа нысанда мұғалім мен оқушы үшін қолайлы жағдай жасалды. Арнайы пәндік кабинеттер мен зертхана заманауи үлгідегі құралдармен жабдықталды. Тіпті робототехника үйірмесі де бар. Оқушылар қолөнер, тігіншілік пен аспаздықты да меңгереді.

Жаңагүл Таласова, информатика пәнінің мұғалімі:

- Жаңа мектебімізде жаңа үлгідегі ауыл балаларына роботтор, робототехниканы әкеліп жатыр. Компьютерлерімізде «3D» форматында жұмыс жасауды үйреніп жатыр балаларымыз. Бұрын біздің ескі мектебімізде бұндай жағдай болған жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz