Ел азаматтары өз мамандығы бойынша шет мемлекеттерде жұмысқа орналаса алады. Алайда елдегі барлық ЖОО-ның дипломы жарамды емес.
Арнайы рұқсат жетекші оқу орындарына ғана берілген. Сенатта осы процестерді реттейтін Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы заңы қаралды. Депутаттар құжатты бірауыздан мақұлдады. Жоба ел азаматтарының дипломдары мен біліктіліктерін өзге елдерде танытуға, ұлттық білім жүйесінің тартымдылығын арттыруға бағытталған. Нәтижесінде жоғары білім беру саласында еліміздің халықаралық аренадағы ұстанымы одан әрі нығайып, студенттер мен оқытушылардың мобильдігі артады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Қаралған құжат тараптар арасында жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Атап айтқанда, Конвенцияның ережелері оған қол қойған елдер арасында біліктіліктің ашық және уақтылы бағалануын қамтамасыз етуге бағытталған. Заңның мақұлдануы оған мүше мемлекеттер арасында серіктестікті одан әрі нығайтуға, сондай-ақ еліміздің білім беру жүйесінің беделін арттыруға оң септігін тигізеді деп сенеміз.
Тегтер #Сенат #Жоғары білім #ынтымақтастықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz