Астана мен Алматыда президенттік кітапханалардың құрылысы басталады.
Бұл нысандар тек кітаптар жиналған жер емес, қазақтың тарихын, мәдениеті мен өркениетін дәріптейтін орталық болуы керек. Ұлттық құрылтайда осылай деген Президент Абай, Әл-Фараби және Яссауи ілімдерінің маңызына да тоқталды. Оларды дәріптейтін ғылыми жиындарды тұрақты өткізіп тұру қажеттігін атады. Себебі басты міндет – халқымыздың баға жетпес қазынасы – ұлттық мұрасын сақтап, ұрпаққа табыстау, деді.
ЦИТАТА
Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті
Еліміздің гуманитарлық институттары ұлы ойшылдарымыздың ілімін жүйелі түрде насихаттағаны жөн. Басты міндет – халқымыздың баға жетпес қазынасы – ұлттық мұрасын сақтап, ұрпаққа табыстау. Осы ретте кейбір құрылтай мүшелерінің философия, әлеуметтану, саясаттану сияқты ғылымдарды дамыту және қоғамдық-саяси ой-пікірлер көптомдығын әзірлеу туралы ұсынысын атап өтуге болады. Сондай-ақ олар ғылыми мекемелердің зерттеулері онлайн платформа арқылы бәріне бірдей қолжетімді болуы керек екенін айтты.
Тегтер #Астанa #Алматы #президент #кітапхана #24KZ #Ұлттық құрылтай 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz