Көкөніске жұмсайтын ақшаны үнемдеуге бола ма?
Қияр, қызанақ басқа да көкөніссіз дастарқанның сәні кірмейді. Ол рас. Көкөніс дастарқанның сәні ғана емес астың дәмі, бойға қуат, ағзаға дәру. Бірақ базаршылап жүрген жұрттың біраз қаражаты осы көкөніске жұмсалады. Ал көкөніс әсіресе қазіргідей қыста арзан болмайды.
Ғалымдар мұның да амалын тапты. Енді келілеп, қаптап көкөініс алмай-ақ көкөністің криоұнтағы қосылғанын алсаңыз әрі үнем, әрі пайдалы.
Яғни ғалымдар түрлі жеміс-жидек пен көкөністерден крио-ұнтақ алып, сүзбеге қосқан. Табиғи өнім адам ағзасындағы бірқатар дәруменнің тапшылығын жояды, дейді мамандар.
Зерттеушілердің айтуынша, халықтың 70-80 пайызы ағзадағы пайдалы элементтердің тапшылығынан зардап шегеді. Әсіресе, йод, темір, А, Е және В тобындағы дәрумендер жетіспейді. Қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері қазақ ғылыми-зерттеу институтының мамандары осы бағытта үш жыл бойы жоба әзірледі. Олар сәбіз, асқабақ, құлпынай, таңқурай, қызылша сияқты өнімдерден криоұнтақ алып, дайын сүзбеге қосқан. Бұл қоспа адам ағзасындағы дәрумендерді 20 пайызға дейін арттыра алады, дейді ғылыми қызметкер.
Мағжан Мантай, Қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері қазақ ҒЗИ ғылыми қызметкері:
- Барлық дәрумендік, аминқышқылдық қасиеттер, органолептикалық көрсеткіштері толығымен зерттеліп, терең талдау жүргізілді. Нәтижелері өте жоғары нәтижені көрсетті. Қазіргі щетелдік өнімдерде, сүзге батончиктерінде дәмдеуіштер мен бояғыштар өте көп болғандықтан, біздің өнімдер салыстырмалы түрде өзінің жақсы қасиеттерін көрсетеде алады. Химия жоқ. Табиғи өнімдер.
Табиғи өнімдерді криогенді кептіру әдісі арқылы олардың пайдалы қасиеттерін 95-98 пайызға дейін сақтап қалуға болады. Ғалымдардың пікірінше, бір асқасық криоұнтағының өзі бірнеше келі жеміс немесе көкөніске пара-пар.
- Бұл сүзбе өнімі. Сәбіз криоұнтағы қосылған. Бір ас қасық сәбіз криоұнтағының құрамында 2 келі сәбіз өнімі бар және соншалықты пайдалы қасиеттері бар екенін дәлелдейді.
Ғылыми зерттеу институты кейінгі үш жылда 20-ға жуық инновациялық жоба әзірлеп, өндіріске шығарды. Олардың бәрі табиғи өнімдерге негізделген. Биыл да бірқатар бастама Ғылым қорына ұсынылып отыр.
Асқар Кулмаков, қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері қазақ ғзи коммерцияландыру кеңсесінің басшысы:
- Биыл біз бизнес серіктестермен бірге "Ғылым қорына" 9 жоба бойынша өтініш жолдадық. Олардың жалпы сомасы 3,5 млрд теңге. Бәрін бірдей мақұлдай ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді. Біздің қызметкерлер импортқа тәуелділікті азайту үшін тынымсыз еңбек етіп жүр.
Ғалымдар криоұнтақ қосылған сүзбе жобасына қаржылай қолдау күтіп отыр. Егер грант бөлінсе, келер жылдан бастап өндірісті кеңейтіп, нарықты отандық өніммен қамтуға дайын.
Еркебұлан Смадияров, Мадияр Қындыбаев
Тегтер #қазақ #көкөніс #криоұнтақ #24KZ #жалақы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz