RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда оқушылар ЖИ-ға қарсы тоғызқұмалақ ойнады

11.02.2026, 10:30 396

Жасанды интеллект ақылды ма, әлде адам ақылды ма? Алматылық оқушылар жасанды интелектпен тоғызқұмалақ ойнады. 

Платформаны AI инженері Нұрлыхан Қалжанов ойлап тапқан.

Нұрлыхан жүйені әзірлеу кезінде, үздік ойын көрсеткен ойыншылардың жүрісін пайдаланған. Әзірге бағдарлама оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында сынақтан өтіп жатыр. Жас IT маман ойынды алдағы уақытта әлемге таратуды көздеп отыр.  

Тоғызқұмалақтың ойын тақтасында әдеттегідей екі емес, бір ғана  адам отыр. Ал оның қарсыласы – жасанды интеллект. 8-сынып оқушысы Аяжан зияткерлік сайыста  адам ақыл-ойының басымдығын қорғауға тырысады. Өзі тоғызқұмалақты екі жылдан бері ойнайды. Біраз жарыста топжарған. Бүгін алғаш рет жасанды интеллектке қарсы шығып отыр. 

Аяжан Исабаева, 8-сынып оқушысы:

- Қазір біздің ойынымызда бірде бір болып тұр. Ол дебют бойынша жүрмейді. Ол өзі біледі. Мысалы, дебют 76-98 сияқты болса, ол мүлдем басқаша жүріп кетеді. 

Аяжанның жаттықтырушысы Самат Қасымбеков жасанды интеллектінің жеңгенін қалайды. «Себебі бұл балалардың ойынын жақсарта түседі», - деп санайды. 

Самат Қасымбеков, тоғызқұмалақ жаттықтырушысы:

- Адам дұрыс жүретін кезде қобалжып, басқа қате жүріс жүріп қоюы мүмкін. Жасанды интеллект робот болғандықтан онда қобалжу деген жоқ. Өзінің ойлағананын жүре береді. Алдын ала 20 ходтан ойлайды. Мысалы, адам 5-10 ходқа дейін ойлануымыз мүмкін жүріске. Ал ЖИ көптеу ойлайды. Ойнаған сайын өзін дамыта береді. 

Жасанды интеллект дамыса, баланың да ой-өрісі дамиды. Платформада оқушылар бірі-бірімен де, жасанды интеллектпен де қарысылас бола алады. Әзірге баршаға қолжетімді емес. Тек орталықтағы 100 адамның ойнауына мүмкіндік жасалған. 

Нұрлыхан Қалжанов, AІ инженері:

- Бізде жасанды интеллект- ең мықты чемпиондар бар ғой бұрынғы көп историясын алдық та сол историясы бойынша оқыттық және сол жасанды интеллектіні өзімен өзін ойнатып қойдық қой. Ол секундына млн рет ойнайды да сол арқылы өзінің деңгейін көтере алады. Келесі ход былай жасалады немесе ойын барысында мына ходты жақсы жүрдің мына ход әлсіз болып қалды деген сияқты көмек беріп отырады.

Осылай әрбір ойын сарапқа салынады. Нәтижесі шығарылады. Платформа цифрлық технологияны қолдана отырып, жастарды ұлттық ойынға тартуды көздейді. Платформаның әзірлемесі әлі де толыға түседі. Кейін мобильдік қосымша ретінде ұсыну жоспарланып отыр. 

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Радик Жакупов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz