Наурыз айында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш қабылдау жалғасып жатыр.
Ғылым және жоғары білім министрлігі тестілеу мерзімі мен толық ақпаратты жариялады. Өтінішті 15 ақпан мен 25 ақпанның аралығында ұлттық тестілеу орталығының сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы беруге болады. Тестілеу форматы өзгеріссіз. Талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. Тапсырмалардың жалпы саны 120. Ең жоғарғы балл 140. Ал негізгі тестілеу кезеңі 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Талапкерлер емтихан тапсыратын орынды, күнді және уақытты өз қалауы бойынша таңдауға құқылы.
Наужан Дидарбекова, Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары:
- ҰБТ жылына бірнеше рет өткізіледі. Соның ішінде қаңтар, наурыз және тамыз айларында ҰБТ нәтижесімен ЖОО орнына ақылы негізде түсуге болады. Жеткілікті балды алған жағдайда. Ал мамыр, шілде айларында өтетін ҰБТ 2-рет тапсыруға мүмкіндік беріледі. Және қалаған нәтижесімен талапкер ЖОО ақылы негізде немесе мемлекеттік білім беру грантының конкурсына қатысуға мүмкіндік ала алады. Әрине бұның барлығы шекті балды алған жағдайда. Сонымен қатар ЖОО өздерінің шекті балдарын қоя алатынын атап өту қажет.
Тегтер #ҰБТ #өтініш #24KZ #Қазақстан жаңалықтарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz