Жоғары білім беру саласындағы цифрлық үдерістер Ұлттық ғылым академиясында өткен халықаралық конференцияда талқыланды.
Қатысушылар университеттердегі заманауи оқытуды дамытудың стратегиялық бағыттарын, соның ішінде жасанды интеллектіні қолдану мәселелерін көтерді. Іс-шара қорытындысы бойынша әлеуметтік-гуманитарлық пәндер саласында AI технологияларын зерделеу және озық тәжірибені енгізуге арналған арнайы платформа құру жоспарланып отыр. Кездесуге отандық жоғары оқу орындарының 50-ден аса профессоры мен оқытушысы, сондай-ақ Франция мен Ұлыбританиядан келген спикерлер қатысты. Сонымен қатар жиын барысында жоғары білім беру жүйесін цифрландыру және басқару үдерістеріндегі әйел-ғалымдардың рөлі де кеңінен сөз болды.
Таңат Аяпова, филология ғылымдарының докторы, профессор:
- Қазақстан Республикасы ғалым әйелдер қоғамы 2017 жылы 31 мартта құрылған. Бұл қоғамда 558 қоғам мүшесі бар. Бүгін мінекей соның ішіндегі ең белді, жас ғалымдар, тәжірибелі ғалымдар бәрі келіп, қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде өздерінің айналысып жүрген мәселелерін осы тақырыпқа байланысты ортаға салмақ.
Тегтер #Жоғары білім #цифрландыру #конференцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz