Елімізге ресми сапармен келген Сербия президенті Alem.ai орталығына барып, Қазақстанның цифрлық саланы және Жасанды интеллект саласындағы технологияларды дамытуға бағытталған жүйелі тәсілдерімен танысты.
Александр Вучич мұнда отандық мамандар жасаған өнімдерді қарап, стартаптары жайлы кеңінен ақпарат алды. Атап айтқанда, Сербия Президентінің назарына деректерді талдау бағытындағы жобалар мен электрондық құжат айналымын автоматтандыруға арналған ұлттық бұлтты сервис таныстырылды. Өнеркәсіп пен тау-кен өндірісіне арналған ақылды каска да ұсынылды.
Алексей Владимиров, Bestvision компаниясының негізін қалаушы:
- Біздің ақылды жүйеміз кәсіпорындарда өндірістік жарақаттар мен оқыс оқиғалардың санын азайтуға бағытталған. Тағы қадағалаушылардың жұмысын жеңілдетеді. Яғни, жұмысшылар қандай да бір қондырғымен қалай жұмыс істеді, қандай ақауын ретке келтіргенін артынан жүрмей-ақ көре алады. Барлығын қашықтан еш кедергісіз бақылауға болады. Қазір біздің жүйемізпен қазақстандық 15 компания сәтті жұмыс істеп жатыр. Сербия тарапынан да қызығушылық туындап отыр.
Alem.аi орталығында 1 мың маман оқытылатын болады
Негізі Alem.ai халықаралық орталығы – Қазақстандағы жасанды интеллект экожүйесінің негізгі алаңдарының бірі. Бұл елде стартаптарды қолдау және мемлекеттік қызметтерге AI технологияларын енгізу бағытында қолға алынған стратегиялық жоба. Мұнда деректерді өңдеу, цифрлық шешімдер әзірлеу және болашақ IT-мамандарды даярлау қатар жүреді. Келешекте мұнда 1000 айти маманды тегін оқыту көзделіп отыр.
Алёна Славкина, Astana Hub білім беру бағдарламалары кеңсесінің директоры:
- Біз бұл орталықта жұмыс жасайтын Tomorrow school мектебінде жасанды интеллект бойынша 1000 адамды оқытамыз деп жоспарлап отырмыз. Тағы 100-ге жуық стартап қолға алынып, 5 мыңға жуық жасанды интеллектінің алғашқы қадамдарын үйренетін болады.
Сербия президенті елордадағы нысандарды аралады
Сондай-ақ Сербия президенті Александр Вучич Қазақстанға ресми сапары барысында қазақстандық қорғаныс өнеркәсібі көрмесін аралады. Ал Астана халықаралық қаржы орталығында мәртебелі мейманға инвестиция тарту, капитал нарығын дамыту және халықаралық жобаларды қолдау бағыттары таныстырылды. Бүгінде бұл орталық арқылы тартылған инвестиция көлемі 20 миллиард доллардан асып отыр.
Тегтер #сербия президенті #Александр Вучич #Alemаі
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz