RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде алғашқы археологиялық деректер базасы жасалды

28.02.2026, 13:43 52

Отандық өнертапқыштар алғашқы археологиялық деректер базасын жасап шығарды.

Мұнда Қазақстанда табылған археологиялық құнды жәдігерлер мен көне әшекей бұйымдардың тарихымен танысуға болады. Бұл жоба жақында Alem Tech Fest байқауында ең үздік стартап жоба атанды. Авторлары жақында Ұлыбриятанияда өтетін чемпионатқа бармақшы.

Аrtefacts деп аталатын  жобаны елордадағы қарапайым ғана робототехника орталығының ұстазы оқушыларымен бірлесіп жасап шығарды. Археологиялық деректер базасында әзірге 300-ден астам құнды жәдігердің суреті мен шығу тарихы тіркелген. Жоба авторы бұл сайт археологтармен қатар студенттерге таптырмас құрал болатынын айтады.

Ғизат Маханов, жоба авторы:

- Археологтар мен студент-магистрант археологтармен сөйлескен кезде олардың ең басты проблемасы осы Қазақстанда табылған археологиялық артефакттар мұра немесе әшекей бұйымдар болсын кез-келген бұйымдардың бір орталық цифрландырылған базасы жоқ екен. Олар сондықтан бүкіл Қазақстан бойынша музейлерге барады немесе бір институттарға барады. Сондай өтінімдер жібереді. Ол көп уақыт алады. Қаражатты алады. Кейде зерттемей қалдыра салады. Сондықтан біз осы сайт жасадық.

Жоба авторлары болашақта артефакт санын 10000-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Жас ғалымдар деректер базасын жасау барысында жасанды интеллектіні қоса пайдаланғанын жеткізді. 

Нұрайым Ербол, оқушы:

- Біз Ең басында археологтармен сөйлестік. Сосын ол кісілер бізге кітаптар берді. Кітаптың мәліметтерін біз өзіміздің Google Sheets-қа толтырдық. Содан кейін Google Sheets толған соң, сайтқа көштік. Сайтты барлығымыз командамен жасадық. vibecoding-пен, полный сайт шыққан соң, сайтты артефактармен толтыруға кірістік.

Археологиялық жәдігерлерді цифрландыру үлкен жетістік екенін айтады мамандар.  Мәселен археологтар жылына кем дегенде 70-ке жуық экспедиция жүргізеді. Онда 40-мыңға тарта  тарихи мұра табылады. 

Айдын Жүнісханов, археолог:

- Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан археологиялық мұраны сақтау, насихаттау бойынша бірқатар жақсы қадамдар жасалып жатыр. Ілгерушілік бар. Оның басты бір себептерінің бірі 2025 жылдың 26 желтоқсанында ҚР тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау жөніндегі заң қабылданған болатын. Ол заңды тарихи мұраны қорғау, насихаттау бойынша көптеген өзгерістер енгізілді. Осы заңға үмітіміз өте зор. 

Археологтар қауымдастығы табылған жәдігерлерді дүйім жұртқа ашық көрсетуге ниетті. 

Шырын Батырбекқызы, Ғалымжан Әбділахат

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz