RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылымға ерекше көңіл бөлінген

06.03.2026, 19:15 68

Конституция тек заңдар жүйесін реттейін құжат қана емес, ол сондай-ақ ғылым мен білімге, мәдениет пен инновацияға жетелейтін бағдар болуы тиіс.

Ата Заңның жаңа нұсқасында бұл мәселе көрініс тапқан. Яғни бұдан былай білім, ғылым елдің әлеуметтік секторындағы сала ғана емес, тұтас мемлекеттің дамуын айқындайтын стратегиялық бағыт. Мәжіліс депутаттары Конституция жобасындағы аталмыш тармақ Қазақстанның алдағы уақытта да өркениетті, озық елдердің қатарыннан табылуына септеседі деп сенеді. Өйткені адами капитал дамыса, елдің бүгіні орнықты, ертеңі кемел болмақ. 

Олжас Құспеков ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Білім саласы бұрын әлеуметтік қамтамасыз ету бағытында болды. Жаңа редакцияда еліміздің стратегиялық бағыттарының негізінде білім саласы капиталдың дамуы қаралып отыр. Адами капиталдың дамуы  білімсіз жүрмейді. Білім, мәдениет, инновация арқылы жүреді. Ал бұл дегеніміз болашақта білім саласын әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесі емес, жалпы ел дамуының негізгі бағыты ретінде көреміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz