Көкшетаулық ұстаздар жасанды интеллектінің көмегімен робот-мұғалім құрастырды.
Құлтемір олардың кей міндеттерін орындап, жұмысын жеңілдетеді. Нақтырақ айтсақ, оқушыларды түгендеп, кей сабақта тапсырмалардың орындалуын қадағалай алады. Бір ерекшелігі, құлтемір тек қазақ тілінде ғана сөйлейді.
Көкшетаудағы айти мектеп лицейінің ұстаздары бұл роботты бір айда құрастырып шығарған. Мұғалімдердің бірі құлметемірдің қанқасын жасаса, енді бірі дыбыстық жүйелерін орнатқан. Ал роботқа толық жан бітіріп, қажетті бағдарламасын жас маман Раухат Әшкен әзірлеген.
Раухат Әшкен, мұғалім:
- Сабақтың барысында оқушыларды түгендейді. Яғни кімнің бар, кімнің жоқ екенін анықтайды. Содан кейін мұғалімге өзі айтып береді. Яғни қандай оқушы жоқ және не себепті. Осылайша мұғалім өз уақытын үнемдей алады. Тағы функцияларына келетін болса, таймер функциясы бар. Яғни мен тапсырма берем, белгілі бір уақыт берем. Таймер уақыты біткесін оқушылар тапсырманы аяқтайды.
Жас маман әр сабағын осылай қызықты, әрі түсінікті етіп өткізуге тырасады. Әсіресе информатикалық түрлі тапсырмаларды робот арқылы оқушыларға еркін жеткізеді.
Әмина Серік, оқушы:
- Сабақтар өте қызықты өтеді. Оған қоса жаңа роботымыз пайда болды. Ол арқылы сабағымыз жоғары деңгейде дамып жатыр. Жаңа инновациялар мен интеллект арқылы сабақта жаңа қызықты мәліметтер қоса аламыз. Оған қоса біздің мектебізде түрлі роботехника, информатика саласындағы үйірмелер бар. Оларда өте қызықты.
Мұғалімдер құлтемірге ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабиге ұқсатып «Ай-Фариби» деп ат қойған. Робот тек сабақ берумен ғана шектелмейді. Мектепке келген қонақтарға білім ошағын таныстырып, қоғамдық шаралар да жүргізуші де бола алады. Болашақта ұстаздар құлтемірге тағы жаңа элеметтер қосып, дамыта түспек.
Шұға Әміржанова, информатика пәнінің мұғалімі:
- Алдағы уақытта роботымызға қосымша техника жағын жақсартамыз. Яғни планшет аламыз. Ол қазір алу үстінде. Білім бөлімі бізге алып беріп жатыр. Петличка сияқты қажетті құралдарын қосамыз. Соған байланысты бұл роботтың жұмыс істеу мүмкіндігі одан да жақсарады.
Жалпы аймақта робототехникадан сабақ беретін мұғалімдерді дайындау жағы күн тәртібінен түскен емес. Жыл сайын аймақта информатика пәнінің 20-дан астам ұстазы робот құрастыру ісінің оқу курсынан өтіп тұрады. Қазір өңірде 200-ден астам робототехника кабинеті бар. Онда 2 мыңға жуық бала тәлім алады.
Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный
Тегтер #Көкшетау #мұғалім #робот #24KZ #Қазақстан жаңалықтары #жасанды интеллект жылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz