«Жас ғалым» гранттық бағдарламасы жас зерттеушілерді қолдаудың тиімді тетігіне айналды. Мәселен, 2022-2025 жылдары конкурсқа қатысқан 941 ғылыми жоба қолдау тапты.
Олардың жалпы сомасы 23 млрд теңгені құрайды. Қазір елдегі зерттеушілердің жалпы санының 47 пайызын жас ғалымдар құрайды. Былтыр олардың гранттық жобаларды жүзеге асырудағы үлесі 30 пайызға жетті. Бұл ғылыми қауымдастықта жаңа буын зерттеушілерінің рөлі айтарлықтай артқанын айғақтайды. 2023 жылы «Жас ғалым» бағдарламасына 2,75 млрд теңге бөлінсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 7,58 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Тегтер #Жас ғалым #бағдарлама #зерттеушілер #жаңа мүмкіндікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz