RU
Толық нұсқаға өту

Ақтауда жастардың цифрлық білімі сараланды

19.03.2026, 21:00 48

Ақтауда жастардың жасанды интеллект жөнінде білімі сараланды.

«AI Quiz Battle» зияткерлік сайысы мектеп оқушылары мен студенттердің аналитикалық және сыни ойлау қабілетін дамытуды көздейді. Осы тақырыптағы танымдық байқау Маңғыстау облысында алғаш рет ұйымдастырылды.

Талғат Исламұлы, тілші:

- «AI Quiz Battle» зияткерлік сайысы облыстық жастар ресурстары орталығында өтіп жатыр. Байқау тақырыбы толықтай цифрлық технологияларға арналған. Турнир аясында қатысушыларға жасанды интеллект, машиналық оқыту және нейрожелі бойынша сұрақтар қойылды. Аналитикалық талдау жасау, ойлау жылдамдығына арналған тапсырмалар берілді. Жас буын өкілдері жергілікті өндіріс орындары мен ұйымдардың жұмысын цифрландыру бойынша өзіндік жобасын таныстырып, оның тиімділігін жетілдіру жолдарын көпшілікпен бірлесе талқылады.

Аңсаған Дошаева, студент:

- Өте жақсы әсердемін. Себебі біздің барлығымызға танымал осы Quiz ойыны арқылы бұл ойынның өзі адамның логикалық бағдарын шыңдайды деген бағдарламалардың бірі. Quiz-дің арқасында өзіме жаңа ақпараттарды сіңірдім.

Әйгерім Мәжтай, "Mangystau IT Hub" жетекшісі:

- Наурызнама апталығы басталғалы бері біз жасанды интеллект бағытында әртүрлі оқыту workshop-тарды, шеберлік сабақтарын өткізіп келеміз. Сол оқытуларда өткізілген білімді біз сынау мақсатында осы студенттерге, оқушыларға берілген ақпарттардың нәтижесінде сұрақтарды құрастырған болатынбыз. Бізде тұрақты түрде «ІТ Quiz» атты апта сайын өтетін жасанды интеллектті оқыту шаралары бар.

Талғат Исламұлы, тілші:

- Біз байқаған қызықты жайтқа тоқтала кетсек, ұлттық киімдегі робот танымдық сайысқа қатысушылармен көрісіп, әз Наурыз мерекесімен құттықтады. Жасанды интеллект басқаратын гуманоид жас буынды ІТ технология саласын меңгеруге шақырып, байқау барысында көмекші құрал ретінде өз қызметін ұсынды. Айта кетсек, «Digital Nauryz» бастамасы аясында ұйымдастырылған ақыл-ой жарысы Маңғыстауда жылдың соңына дейін тағы бірнеше рет ұйымдастырылады.

Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz