RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбеде «Наурызнама - Digital Era» көрмесі өтті

19.03.2026, 21:42 54

Ақтөбеде «DIGITAL-Наурыз» көрмесі өтті.

Колледж студенттері Ұлыстың ұлы күні мен қазақы салт-дәстүрді заманауи технологиямен ұштастырды. Көпшілікке 3Д-принтер көмегімен басып шығарылған киіз үй таныстырылды. Күн мен желден қуат алатын бас-пана, дәстүрлі жарық пен жылу көздеріне мұқтаж емес. Болашақтың көшпенділеріне ыңғайлы етіп жасалған. Цифрлық технологиялар көрмесінде жасанды интеллект пен заманауи технологиялар бағытындағы инновациялық жобалар ұсынылды. Интерактивті викториналар, «Digital Challenge» зияткерлер сайысы, және түрлі танымдық тапсырмалар да бар. Студенттердің арманы мен қиялынан дүниеге келген бұйымдарды, көрмеден тамашалап қана қоймай өмірде де жүзеге асыруға болады.

Нұрәли Әбдіраманов, колледж студенті:

- Біздің бесікте арнайы магниттер қолданылады. Яғни ол магнитте ешқандай үйкелісетін детальдер болмайды. Қазіргі шғып жатқан бесіктерде мысалы моторлар болуы мүмкін, арнайы қозғалтқыштар болады, шестеренкалар болады. Ал біздің бесікте магниттің серпіліс күші арқылы өзі тербеледі. Жасанды интелект мысалы бала шырылдағанда өзінің әуенін қойып, анасын шақыруы мүмкін, яғни бұл бесік өз өзін басқара алады, яғни сәбиге қамқор бола алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz