Жамбыл облысының Меркі ауданында «Жаңару күніне» орай цифрлық технологиялар мен инновациялық жобалар көрмесі өтті.
Оқушылар робототехника, мульти-пликация және жасанды интеллект бағытындағы жұмыстарын таныстырды. Солардың бірі мультфильм жасау әдісі болды. Оқушылар кейіпкерлерді дыбыстау мен жасанды интеллект арқылы оған қимыл беру тәсілдерін көрсетті. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде көмек көрсетуге арналған робот итті таныстырды. Креативті жұмыстардың қатарында ауа тазартқыш құрылғылар, ақылды робот пен жасанды интеллектке негізделген жобалар бар.
Тегтер #Жамбыл облысы #технология #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz