RU
Толық нұсқаға өту

Роботтар қыз қуып, асық атады. LIVE

20.03.2026, 18:57 53

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында оралдық оқушылар құрастырған роботтар асық атудан, арқан тартыстан, ақсүйек пен қыз қуудан сайысқа түсті. Шара ерекше шаһардағы «Жайық Арена» спорт кешенінде өтіп жатыр. 

Ерденбек Жылқайдарұлы, тілші:

- Әр жыл сайын робототехникадан өтетін облыс чемпионатының биылғы ерекшелігі – жасанды интеллект пен ұлттық ойындардың үйлесуі. Яғни осы жарысқа қатысушылар құрастырған роботтар қазақтың дәстүрлі ойындарын заманауи технология арқылы орындайды. Роботтар бүгін осы «Жайық Арена» спорт кешенінде асық атып, қыз қуады, арқан тартысып, ақсүйек ойнайды. «Осы арқылы жастардың тың технологияға талпыныстарын ұштаймыз, әрі бабадан келе жатқан байырғы ұлттық ойындарды насихаттаймыз», - дейді Білім басқармасының басшылығы. 

Батыс Қазақстан облысында күні бүгін робототехника үйірмелеріне 1200-дей бала барады. Тек мектептен тыс жұмыс орталықтары емес, ауыл мектептерінде де балалардың жаңа технологияларды меңгеруіне барлық жағдай жасалған. 

Робототехникадан облыс чемпионатына аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары іріктелді. Сырым, Казталов, Шыңғырлау аудандарынан басқа 9 аудан мен облыс орталығынан барлығы 84 оқушы қатысып жатыр.

Авторлары:  Е. Жылқайдарұлы, Б. Жарылғасов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz