RU
Толық нұсқаға өту

Елде екі жылда 35 ЖИ стартап құрылды

31.03.2026, 15:54 33

Astana Hub-қа қатысушы компаниялардың көрсеткен IT қызметтерінің экспорты 328 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы бүгінгі үкімет отырысында Жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев айтты. 

Ал инновациялық кәсіпкерлікті дамыту бағытында 2 жылдан бері 35 стартап іске асқан.

Шерхан Абзалұлы, тілші:

- Еліміз технологиялық жаңалықтарды жүзеге асыру жағынан әлемдік рейтингте 81 орында тұр. Саладағы қаржыландырудың аздығын, экожүйенін әлсіздігін ескерсек, бұл тәп-тәуір көрсеткіш. Келесі жылжы жаңартылған рейтингте Қазақстан алға жылжымаса, қазіргі орынан төмен түспейтіні анық. Мәселен, былтырдың өзінде Өнімді инновациялардыынталандыру жобасын іске асырудың экономикалық әсері 53 млрд теңгеден асқан. Министр бұл қарыз қаражатының әрбір теңгесіне екіесе қайтарым алуға мүмкіндік берді деп отыр. Жалпы алғанда жоба аясында 90-нан астам инновациялық жоба қаржыландырылған.

Жаслан Мәдиев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:

- Технологияларды коммерцияландыру көлемі 35 миллиард теңгеден асты. Tumar Ventures венчурлік қоры құрылды. Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша: 9 миллиард теңгеден астам жеке инвестиция тартылды, 600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Шерхан Абзалұлы, тілші:
- Басты жаңалықтың бірі
– Жасанды интеллект министрлігі жүргізушісіз жүретін көліктердің жобасын іске қоспақ. Ерекше көңіл бөлініп отырған бастамаға халықаралық технологиялық компаниялар қатысады.

Жаслан Мәдиев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:

- Ұшқышсыз автомобильдер бойынша эксперименттік жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру мерзімі – 2026 жылдың екінші тоқсаны. Бұдан бөлек, жеке бастама аясында дрон арқылы жеткізу қызметін енгізу жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр.14 Аталған бастама қалалық мобильділік пен логистиканың жаңа модельдерін сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.

Шерхан Абзалұлы, тілші:

- Экспо аумағы жаңа буынның технологиялық кластеріне айналып жатыр. Осылай деген Жаслан Мәдиев: «Бұл – ғылым, технологиялық стартаптар мен индустрия біртұтас экожүйе ретінде жұмыс істейтін эталондық инновациялық алаң», - деді. Болашақта кластер жыл сайын 500-ге жуық стартапты, соның ішінде 100-ден астам жобаны пайдалануға беруді қамтамасыз етеді деген жоспар бар. Осылайша, иноовациялар тартатын елдегі негізгі орындардың бірі болмақ.

Авторлары: Шерхан Абзалұлы, Марат Диханбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz