RU
Толық нұсқаға өту

Alem.ai battle: ЖИ жобаларының финалы өтті

31.03.2026, 23:01 43

Астанада жасанды интеллект саласындағы ең ірі жобалардың бірі – alem.ai battle байқауының финалы өтіп жатыр. 

Онда еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген 20 үздік жоба ұсынылды. Қатысушылар қатарында мектеп оқушыларынан бастап, ғалымдар мен стартап жобалардың негізін қалаушылар бар. Шараға қатысуға барлығы 830 адам өтінім берген. Қатысушылардың жас шамасы 12 жастан басталады. Тың жобалар қатарында IELTS емтиханының Speaking бөлімін автоматты бағалайтын жүйе, қандағы қант деңгейін анықтап, сырқаттың алдын алуға көмектесетін идеялар бар. Ал кейбір платформалар мұғалімдерге құжат, тапсырма, ойын және бейнематериал дайындауға көмектеседі. Жобаларды венчурлық қорлар, инвесторлар, технологиялық компаниялар мен мемлекеттік ұйым өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалайды.

Мадияр Ерғали, қатысушы:

- Байқауға дайындық өте зор. Соңғы күндері көп күш салдық. Себебі кеше біз осында самолетпен ұшу керек болатынбыз, бірақ рейсімізді жіберіп алып, таксимен 13 сағатта келдік. Қазір толыққанды барлық күшімізді салу керек, сол үшін диктормен де дикциямызды қойып, толық дайындалдық. Бас жүлде бұйырса, біздікі. Себебі бұл жоба шынымен ұстаздарға көмектесу мақсатында жасалған, сондықтан біз 100 пайыз сенімдіміз.

Әшімбек Әбілғазинов, Astana Hub бизнес бағдарламалар кеңсесінің директоры:

- Іріктеулер жүргізілді, бірінші этап – скрининг, яғни жоба қаншалықты талапқа сай екенін тексерді. Кейін диагностика өткізілді, онда эксперттермен сұхбаттасып, тиісті бағалары қойылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz