Қалада инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары да кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылып, интернетпен қамтылды. Әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер, спорт және білім беру инфрақұрылымы дамып келеді. «Дегелең» станциясында теміржол перроны жаңартылып, жаңа вокзал салынып жатыр. Одан бөлек, жылу және ауыз су жүйелері жаңартылып, бос тұрған тұрғын үйлерді қалпына келтірілуде. Курчатовқа «ғылым қалашығы» мәртебесін беру – өңірдің ғылыми әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді- дейді жауаптылар.
Берік Уәли, облыс әкімі:
- Жаңа Конституциямызда білім, ғылым және инновацияны дамыту мемлекеттің стратегиялық бағыты деп танылды. Жергілікті атқарушы органдар ғылыми ұйымдармен, бизнес-ортамен бірлесе отырып ғылымды дамытуға қажетті жағдай жасауға міндетті.
Бұл үшін Абай облысында ғылыми әлеуетжоғары. Өңірде үш жоғары оқу орны бар. Мыңнан астам ғылыми қызметкер еңбек етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «ғылым – жалпыхалықтық іс», – деді облыс басшысы.
Думан Орынбеков, Шәкәрім Университетінің ректоры:
- Бүгінгі таңда Шәкәрім университетінде 40-тан астам ғылыми жоба бюджеттің қаржыландыруымен 5 млрд теңгеден астам қаржыландырумен жүзеге асырылуда.
Жанат Байғазинов, ядролық технологиялар паркі АҚ Басқарма төрағасы:
- Курчатов қаласының инфрақұрылымы және қазіргі басшылықтың атқарып жатқан жұмыстары өте көп.Бұл аймақтың ғылыми потенциалы осыған лайық.
Кеңес барысында Курчатовтың инфрақұрылымын жаңғырту, ғылыми зерттеулерді дамыту және өндіріс пен ғылымның байланысын күшейту мәселелері көтерілді. Мамандар бұл бастама жаңа жұмыс орындарын ашуға, заманауи өндірістерді дамытуға және өңір экономикасын нығайтуға жол ашатынын атап өтті.
Рүстем Қайратұлы, Мәди Базарбеков
Тегтер #Курчатов #ғылым #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz