Петропавлдық оқушы Қазақстан тарихына арналған тұңғыш зияткерлік ойын жасап шығарды. Даяна Қалина оған екі ай уақытын жұмсаған.
«Алаш. Тарих бастауында» деп аталатын жоба 300-ге жуық деректен тұрады. Автор тарихи мәліметтерді терең зерттеп, интерактивті ойын шарттарына енгізген. Онда Қазақстан тарихына қатысты тарихи оқиғалар мен тұлғалар жайлы сұрақтар бар. Енді тоғызыншы сынып оқушысы жобасын жетілдіріп, электронды нұсқасын құрастыруды жоспарлап отыр. «Бұл ересек адамдарға да қызық болады» - дейді ол.
Даяна Қалина, Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінің оқушысы:
- Қазақстан тарихы – оңай пән емес. Мұнда даталар, оқиғалар мен тұлғаларды еске сақтау керек. Сондықтан осындай интерактивті ойын шығаруды жөн көрдім. Бұл оқушыларға емтихандарға дайындалып, тарихқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Тегтер #Петропавл #оқушы #зияткерлік ойынPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz