Алматыда жоғары сынып оқушыларына арналған қалалық AI-хакатон өтіп жатыр. Жас таланттар жиынына 400 оқушы жиналды.
Олар бүгін ұйымдастырушылардан тапсырма алды. Ертең шешімдерін сарапшылар алдында қорғайды. Жобаны әзірлеуге небәрі 24 сағат беріледі. Осы уақыт ішінде оқушылар жасанды интеллекті пайдаланып, стартап үлгісін жасауы тиіс. Мысалы, деректерді талдау жүйесі, ақылды көмекшілер немесе білім беру мен қалалық қызметтерге арналған жобалар бар. Жүлде қоры 600 мың теңге. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сайыс оқушыларға IT саласында тәжірибе жинап, командада жұмыс істеуді және жасанды зерде технологиялары қалай қолданылатынын түсінуге мүмкіндік береді.
Асан Әйтеев, Хакатон ұйымдастырушысы:
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауларында елімізге цифрландыру қажет екенін, алға ұмтылуымыз керектігін атап өтті. Өздеріңіз білесіздер, қазір цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу, IT технологияларды қолдану жылы болып отыр. Әлем болашаққа қадам басып келеді, сәйкесінше, Қазақстан да бұл бағытта артта қалмауы тиіс.
Оқушылардың бірқатары мұндай жарысқа екінші рет қатысып отыр. Олар үшін бұл сайыс тәжірибе жинап, бұрынғы жобаларды жетілдіруге мүмкіндік береді. Бәсекеде балалар шыңдала түседі.
Мұстафа Камалов, 11-сынып оқушысы:
- Осы ЖИ саласында достармен бірге өзіміздің бағымызды сынап, жаңа нәрселерге үйреніп, көп адамдармен өзара жақсы қарым-қатынас орнатуға келдік. Көптеген Алматының да, Алматыдан тыс жерлерден де оқушылар келіп жатыр. Сол себепті бұл тәжірибе деп ойлаймын.
Тегтер #Алматы #AIхакатон #жастарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz