Ақтөбедегі мектептердің бірінде «ғарыш» сыныбы ашылды. «Өскенде ұшқыш боламын» деп қиялдайтын жеткіншектер ғарыш әлемін зерттеп, астрономияны тереңдете оқиды.
Мұғалімдерге облыстық планетарий мен Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштеріні әскери институтының мамандары көмектеседі. Бүгін тараптар үшжақты келісімге қол қойып, білім бағдарламасын талқылады. Ғарыш сыныбында сондай-ақ ғарыштық технологиялар мен робототехника және STEM бағыттары қамтылады.
Марфуға Жантөрина, № 83 орта мектеп директоры:
- Сегізінші «Б» сыныбы жаратылыстану бағытына бейімділігіне орай осы сынып таңдап алынды. Сонымен қатар сынып жетекшісі өзі физика пәнінің мұғалімі. Осы балалармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге санаты да, біліктіліге де сәйкес келеді. Сондықтан енді болашақта физика, астрономия бағытында балаларға тереңдетілген сағаттар қарайтын болады.
Тегтер #мектеп #ғарыш #Ақтөбе #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz